Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы көтерілмейді

2021 жылдың 1 тоқсанында  сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасы қазіргі баға деңгейінде қалады, деп хабарлайды ҚР ЭМ Баспасөз қызметі, деп хабарлайды kazlenta.kz.


«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын (бұдан әрі - Шекті баға) мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады.


Энергетика министрлігі шекті бағаны Ұлттық экономика министрлігімен келісім бойынша тоқсан сайын бекітеді және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.


Энергетика министрінің 15.12.2020 ж. N 446 бұйрығымен 2021 жылдың 1 тоқсанына арналған шекті көтерме баға бекітілді.


ҚР Энергетика министрінің «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде электрондық сауда алаңдарынан тыс өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағасын бекіту туралы» бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) Заңға сәйкес әзірленді.


Шекті бағаны белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын электрондық сауда алаңдарынан тыс жеткізу жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газының шекті бағаларын айқындау қағидаларымен (бұдан әрі - қағидалар) регламенттелген (ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 209 бұйрығымен бекітілген).


Осы Қағидаларға сәйкес 2021 жылғы 1-тоқсанға арналған шекті баға 2020 жылғы төртінші тоқсандағыдай – ҚҚС-ты есепке алмағанда, 38 701,67 тг/т құрады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда