Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда алғаш рет халықаралық «IBO-2024» олимпиадасы өтеді

Қазақстанда алғаш рет халықаралық «IBO-2024» олимпиадасы өтеді
Фото: primeminister.kz

Биология пәнінен әлемдегі ең беделді халықаралық олимпиада биыл алғаш рет Қазақстанда өтеді. Үкіметте «IBO-2024» атты білім додасын ұйымдастыру мәселелері пысықталды. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңеске орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметімен сілтеме жасап.

«Internetional biology оlympiad» әлемдегі топ-7 пәндік жарыстардың қатарына кіреді. Қазақстандық оқушылар бұл сайысқа 28 жыл бойы тұрақты қатысып келеді. Осы уақыт ішінде олар 70-тен астам түрлі наградаларға ие болды: 2 алтын, 20 күміс, 54 қола медаль. Осындай жетістіктерді ескерген халықаралық ұйымдастыру комитеті олимпиаданы Астанада өткізуді ұйғарды. Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, биылғы додада ел намысын 4 дарынды оқушымыз қорғайтын болады.

«Елордада өтетін халықаралық олимпиадаға 81 елден 305 оқушы мен олардың 275 жетекшісі келмек. Жарыс талаптарына сай, ұйымдастыру және ғылыми комитеттер құрылып, арнайы www.ibo2024.kz сайты әзірленген. Демеушілер есебінен теориялық және тәжірибелік кезеңдерге қажетті құрылғылар сатып алынды. Олимпиада кезінде 80-нен аса волонтер қолдау көрсетпек», — деді Еділ Оспан.


Негізгі зияткерлік турнирден бөлек, қатысушылар үшін елорда мен Ақмола облысының көрікті жерлері бойынша тур қарастырылған. Сондай-ақ Қазақстанның тарихымен және ұлттық өнерімен танысу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тамара Дүйсенова халықаралық олимпиаданың маңыздылығына тоқталып өтіп, оны ұйымдастыруға жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар жүктеді.

«Олимпиаданың Қазақстанда өткізу оқушыларымыздың білім деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Сайыс белгіленген талапқа сай өтуі үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Басқа елдерден келген оқушыларды қабылдай отырып, біз үлкен жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз. Білім додасына қатысатын балалардың орналасқан жеріндегі, олимпиада өтетін орындағы санитарлық талаптардың сақталуына, тасымалдау кезіндегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырамын», — деді Тамара Дүйсенова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады