Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 1,7 млн-нан аса бала белсенді жазғы демалыс шараларымен қамтылды

Қазақстанда 1,7 млн-нан аса бала белсенді жазғы демалыс шараларымен қамтылды
Фото: pixabay.com

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Оған мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазғы лагерлердің жұмысы туралы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан баяндады. Демалыс маусымы басталғалы бері елімізде түрлі формадағы 10 208 лагерде 1,7 млн-нан аса бала қамтылып отыр. 

Белсенді жазғы демалыс ұйымдастыруда балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беріліп отыр. Оқушыларды сауықтыру нысандарына жібермес бұрын санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары жіті тексеру жүргізген. Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова лагерлердің санитарлық жағдайы тұрақты бақылауда екенін жеткізді.

Айта кетейік, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша өңірлерде тақырыптық жоспарлар құрылған. Оның аясында лагерлердегі бағдарламалардан бөлек, танымдық шаралар да қарастырылған болатын. Осы ретте балаларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік мәселесі туындайды. Осыған байланысты ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бұған қатысты ақпаратты полиция бөлімдеріне алдын ала хабарлау қажеттігін еске салды. Мұндай жағдайда патрульдік машиналар бірге шығып, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады.

«Балалардың жазғы белсенді демалысы мәселесі тұрақты бақылауда болуы қажет. Демалыс кезеңі мейілінше пайдалы өтуі үшін оқушыларға барлық жағдай жасалуы керек. Бұл ретте мүдделі мемлекеттік органдардың бірлесе қызмет атқаруы маңызды. Аталған жұмысты үйлестіру Оқу-ағарту министрлігінің қолында», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді