Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында аудандық білім бөлімінен 4 млрд теңге ұрланған

Түркістан облысында аудандық білім бөлімінен 4 млрд теңге ұрланған
Фото: pixabay.com

Жетісай ауданының білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда. Білім бөлімі басшылығы мен есепшілерді қоса есептегенде 41 адам күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, қылмыстық әрекеттер 2021-2023 жылдар аралығында жасалған.

"Тергеу барысында аудандық білім бөлімінің басшылығы мен есепшілері  өздерінің, сондай-ақ туыстары мен таныстарының есеп шоттарына белгіленген жалақыдан жоғары ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырудың қылмыстық схемасын жасағаны анықталды. 2021-2023 жылдар аралығында мемлекетке 4 млрд теңгеден астам залал келтірілген".Түркістан облыстық прокуратурасы

Облыс прокуратурасының арнайы прокурорлары 41 қызметкерді, оның ішінде екі білім бөлімінің басшысын, бір бас есепші, екі орынбасарды және 36 есепшіні күдікті ретінде таныды.

"Ауданның бұрынғы және қазіргі білім бөлімінің басшылары ұстау изоляторына жабылып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырудың барлық мән-жайлары мен фактісін анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жариялануға жатпайды", делінген ведомство хабарламасында.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты