Алдын ала келтірілген залал сомасы шамамен 2 млрд теңге.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жетісу облысының прокуратурасының үйлестіруімен Талдықорған қаласының білім бөлімінің қызметкерлерін ұстады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап."Аталған азаматтар білім беру саласында іс жүзінде жұмыс істемейтін үлестес тұлғалардың пайдасына жалақы түріндегі өтеусіз аудару жолымен аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жүйелі негізде ұрлады деп күдіктенеді.
Қазіргі таңда істің мән-жайларына тиесілі 29 жылжымайтын мүлік объектісіне, қымбат автокөліктерге тыйым салынды", делінген Антикор хабарламасында.
Күдікті адамдар ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.