Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Прокуратура бүкіл ел бойынша демалыс орталықтарын тексеріп жатыр

Прокуратура бүкіл ел бойынша демалыс орталықтарын тексеріп жатыр
Фото: facebook.com/Инка Рокеровна

Алматы прокуратурасы саунамен бір ғимаратта орналасқан балалар лагерін ұйымдастыру кезінде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі өкілеттігін теріс пайдалану және міндеттерін орындамау фактілері бойынша тексеруді бастады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 848 лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 118 – мемлекеттік, 100 – жекеменшік, 630 – шатырлы.

Сондай-ақ, маусым айында 10 216 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасады.

Жазғы кезеңді және балалардың құқықтарының бұзылуын ескере отырып, Бас прокурордың тапсырмасымен аумақтық прокурорлар уәкілетті органдармен бірлесіп мемлекеттік, жеке және шатырлы лагерлердің қызметін тексеруге кірісті.

Тексеру кезінде балалардың тұру, санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын, өрт қауіпсіздігін, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз ету жағдайын қамту жоспарланған.

2023 жылға арналған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қызметін сатып алу кезінде заңнаманы сақтау мәселелері зерттеліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты