Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов: Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілуге тиіс

Олжас Бектенов: Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілуге тиіс
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында оқу жылын аяқтау және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілеме жасап.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек, балалар туризмі мен бұқаралық спорт түрлері туралы – Ермек Маржықпаев баяндады.

Сонымен биылғы оқу жылын 3,8 млн бала аяқтағалы отыр. 186 мың оқушыға соңғы қоңырау соғылады. 7,7 мың түлек «Алтын белгі» белгісіне үміткер.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдайға байланысты Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының 3,5 мыңнан астам оқушысы аралық және қорытынды емтихандардан босатылады. Қорытынды баға жылдық негізінде қойылады.

Сонымен қатар су тасқынынан зардап шеккен және қыста ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқыған 2,6 мың мектептің 832 мың оқушысы үшін «Жазғы мектеп» ұйымдастырылады. Бұл білім берудегі олқылықтардың орнын толтыру үшін жасалады.

Балалардың жазғы демалысы 9 мемлекеттік органның бірлескен жоспары шеңберінде ұйымдастырылады. Республикалық және өңірлік штабтар құрылды. Жазғы демалысты ұйымдастыру үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілер дайындалды. 2,9 млн кішкентай қазақстандық жазғы демалысты 10,7 мың демалыс орталығында өткізеді.

Балаларды үйірмелермен қамту және бос уақыты мен жазғы демалысын ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы бірқатар облыстың әкімдері баяндады.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-Министр аралық және қорытынды емтихандарын, ҰБТ-ны сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету, балалардың толыққанды демалуына, сауығуына және олардың жаңа білім алуына барлық жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2026 жылдың соңына дейін 50 балалар сауықтыру лагері құрылып, балалардың инновациялық шығармашылығына арналған 100 орталық салынады. Қостанай, Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында, Алматы, Астана, Шымкент қалаларында жыл бойы жұмыс істейтін 2 лагерь мен 9 шығармашылық орталық ашылды. Президент тапсырмасының белгіленген мерзімде нақты орындалуын қамтамасыз ету оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктерге тапсырылды. Негізгі басымдық – балалардың қауіпсіздігі.

«Балалар демалысы, бос уақытты өткізу орындары, орталықтар, Оқушылар мен шығармашылық сарайлары көпфункциялы болуға тиіс. Олар балалардың жан-жақты, зияткерлік, шығармашылық әрі физикалық жағынан дамуын қамтамасыз етуі керек. Барлық объектілер сауықтыру маусымының ашылуына толық әзір болуға тиіс. Ол үшін өңірлік штабтар жергілікті жерлерге барып, лагерлердің санитариялық-эпидемиологиялық, өртке, терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келуін бақылауы қажет. Балалар лагерлерінде, бұқаралық орындарда бақылау камералары жұмыс істеп тұруға тиіс. Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік берілуі тиіс»,  — деп атап өтті Премьер-Министр.

Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау министрліктері, өңір әкімдіктері тиісті қызметтердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін болады. Балалармен жұмыс істейтін мамандарды мұқият іріктеу мәселелері де атап өтілді.

«Өткен жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, балалардың жазғы демалысы мен оларды еңбекке баулу барлық жерде бірдей тиісті деңгейде ұйымдастырылмайды, жұмыс көбінесе есеп беру үшін атүсті жүргізіледі. Танымдық және мазмұнды іс-шаралар аз. Олардың сапасы нашар, балалардың қызығушылығы мен бейімін ескермейді. Қауіпсіздік және санитариялық талаптар бойынша шешілмеген мәселелер бар. Бұл проблемаларды 1 маусымға қарай шешу керек», — деп тапсырды Олжас Бектенов.

Үкімет басшысы ата-аналар демалыс объектілері, лагерлер және балаларға арналған бос уақытты өткізу орындары туралы толыққанды ақпаратқа қол жеткізе алмайтыны туралы айтты. Осыған байланысты Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат, Цифрландыру министрліктеріне балаларды лагерлермен, үйірмелермен, секциялармен, сауықтырумен және бос уақытты өткізумен қамту бойынша бірыңғай электрондық платформа құру жұмысын аяқтау тапсырылды. Мүдделі мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің басшылары қатаң бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз ету жүктелді.

  • Өңір әкімдері балаларды, ең алдымен әлеуметтік жағынан осал санаттағы балаларды жазғы демалыспен және еңбекке баулумен барынша қамтуға тиіс. Демалыс кезеңінде балалардың музейлерге, театрларға, қорықтарға, ұлттық парктер мен спорт нысандарына тегін баруын қамтамасыз ету қажет.

  • Ауыл балаларының бос уақытына ерекше назар аудару керек. Олар үшін спорт алаңдарын, дамыту орталықтарын жабдықтап, бос уақыттағы, мәдени іс-шараларды және басқа да шараларды ұйымдастыру керек.

  • Денсаулық сақтау министрлігі рұқсат құжаттары жоқ жазғы сауықтыру ұйымдарының жұмыс істеуіне жол бермеуге тиіс. Балаларды тамақтандырудың сапасын үнемі санитариялық-эпидемиологиялық бақылауда ұстау қажет.

  • Оқу-ағарту министрлігі Туризм министрлігімен бірге әр облыстан келетін балалардың еліміздің танымал туристік аймақтарына,  тарихи-мәдени мұра объектілеріне баруы үшін әкімдіктердің өңіраралық өзара іс-қимылын үйлестіруі қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді