Павлодар облысында биыл түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болған мыңға жуық кәмелетке толмаған жауапқа тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер ата-аналарға балалардың түнгі уақыттарды көшеде және ойын-сауық орындарында болғаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын еске салады. Мұндай серуендер кәмелетке толмағандар үшін қауіпсіз емес және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Мысалы, сағат 00:00 шамасында М.Жүсіп 386 көшесіндегі полиция қызметкерлері заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде болған кәмелетке толмағандарды тоқтатты. Жасөспірімдер ата-аналары шақырылған полиция бөліміне жеткізілді. Олармен профилактикалық әңгімелесуден кейін ата-аналарға қатысты әкімшілік материалдар жасалды.
Басқа жағдайда, ата-аналар кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін орындамады. Кенжекөл кентінде скутерді басқарған 14 жастағы жасөспірім жол-көлік оқиғасын жасағаны анықталды. Жасөспірім зардап шеккен жоқ, алайда ата-анасы жауапқа тартылды.
– Жыл басынан бері кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болғаны үшін 1007 заңды өкіл жауапқа тартылды. 48 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін әкімшілік хаттамалар жасалды. 316 ата-ана балаларды дұрыс тәрбиелемегені үшін жазаланды, – деді Павлодар облысы ПД ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибегүл Камзина.