Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жамбыл облысында жабайы қарасора алқабы 2 есеге қысқарды

Жамбыл облысында жабайы қарасора алқабы 2 есеге қысқарды
Фото: polisia.kz

Жамбыл облысында жабайы қарасора алқабы 2 есеге қысқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында жабайы қарасора өсетін Шу алқабының жаңа картасы жасалды. Құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсу ошақтарымен күресу кезінде полиция қызметкерлері осы уақытқа дейін 1989 жылғы деректерді пайдаланып келген болатын. Сол кездегі есептеулер бойынша жабайы қарасораның аумағы 138 мың гектардан асты.

Өткен жылы 30 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің бастамасымен Шу алқабындағы жабайы қарасораның нақты өсу картасын жасау бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жоба қорытындысы бойынша жабайы қарасора алқаптарының 138 мың гектардан 62 мың гектарға дейін қысқарғаны анықталды.

Алынған мәліметтерді “Қазақстан Ғарыш Сапары” АҚ аэрографиялық түсірілім жолымен растады. Жаңа картаға сәйкес өсу аумағы Меркіден (- 65 мың га) Т.Рысқұлов ауданына (+ 9,5 мың га) ауысты. Полиция елдегі есірткі жағдайын айтарлықтай тұрақтандыруға мүмкіндік беретін жаңа деректерді ескере отырып, есірткі бизнесіне қарсы күресте жаңа тәсілдерді қолдана бастады.

Карта полицияға жабайы қарасора өсетін нақты аудандарға жүйелі бақылау жүргізуге, тыйым салынған заттарды дайындаумен де, тұтынумен де айналысатын адамдарды анықтау бойынша жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.

– Біздің қызметкерлер есірткі жеткізу арналарын анықтау және жою, ұйымдасқан қылмыстық топтар қызметінің жолын кесу бойынша үздіксіз жүйелі жұмыстар жүргізуде. Олар сондай-ақ шабу және өртеу арқылы каннабистің өсу ошақтарын жояды. Енді жаңартылған деректермен бұл жұмыс екі есе тиімді болады. Полицейлер қарасора дайындаушыларды анықтау үшін оның әрбір учаскесін мұқият зерттейтін болады, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады