Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Досаев Алматы әкімдігінің ғимараты қашан қалпына келтірілетінін мәлімдеді

Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ-да өткен брифингте қала әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіру жұмысы қашан аяқталатынын мәлім етті. Сонымен қатар мегаполис басшысы президент резиденциясының орнында не пайда болатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Kazlenta.kz

Досаевтың сөзінше, қазір президент резиденциясын бұзу процесі жүріп жатыр. Ал болашақта оның орнында Сәтпаев көшесіне дейін созылатын саябақ пайда болады. Жаңа саябақ әкімдік жанындағы саябақпен біріктіріледі. Сонымен қатар Досаев қаңтар оқиғасы кезінде өртенген Алматы қаласы әкімдігінің ғимараты қашан қалпына келетінін айтты. Оның айтуынша, кеше жобалық-сметалық құжаттама бойынша қорытынды берілу керек болған. Алайда қорытынды уақытында дайын болмай, мерзім 8 шілдеге шегерілген.

"8 шілдеде біз түпкілікті шешім қабылдаймыз деп үміттенемін. Оны (әкімдік ғимаратын-ред.) қалпына келтіретін боламыз. Біз алғаш рет жөндеу жұмыстарымен айналысатын 5 алматылық компаниядан тұратын консорциум құрдық. Мен ғимаратты бұзудың қажеті жоқ деп санаймын. Біз жұмысты жыл соңына дейін аяқтаймыз деп жоспарлаған болатынбыз. Бірақ күрделі жобалық шешімдерге байланысты кейінге қалдырылды. Бұл үш корпустың өзімен ғана байланысты емес, металы жанып кеткен күмбезді залға да қатысты болып отыр. ҚазҚСҒЗИ шатырды жеңіл әрі қауіпсіз етудің шешімін тапты", - дейді Алматы әкімі.

Досаевтың сөзінше, ғимаратты қалпына келтіру жұмысы келесі жылы Наурыз мейрамына дейін аяқталуы тиіс. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты