Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов: Қазақстан сенімді континенттік транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтуға ниетті

Әлихан Смайылов: Қазақстан сенімді континенттік транзиттік хаб ретіндегі рөлін нығайтуға ниетті
Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен TAV Airports холдингінің президенті Серкан Каптан авиация саласындағы ынтымақтастық және Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Әлихан Смайылов Түркия – Қазақстанның сауда-экономика, инвестиция, сондай-ақ көлік саласындағы негізгі серіктестерінің бірі екенін атап өтті. 

«Біз еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға үлкен көңіл бөлеміз. Бүгінде Үкімет алдында Қазақстанның сенімді континенттік транзиттік хаб ретіндегі рөлін күшейту міндеті тұр», — деді ол. 

Премьер-Министр TAV Airports Холдингінің Алматыдағы жаңа халықаралық терминал құрылысы бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға қатысуы маңызды деп атап өтті. 

«Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі әуежайлардың бірі әрі стратегиялық маңызы зор. Жаңа терминал құрылысы жолаушылар тасымалын айтарлықтай арттырып, ұшу географиясын кеңейтеді және мегаполис тұрғындары мен қонақтарына жоғары деңгейдегі жайлы қызмет көрсетеді деп күтеміз», — деді Премьер-Министр. 

Өз кезегінде Серкан Каптан компанияның Қазақстандағы қызметі мен өндірістік мәселелері жайлы, сонымен қатар еліміздегі басқа да жобаларға қатысуды жоспарлап отырғанын айтты. 

«Біз үшін Алматы әуежайы маңызды жобалардың бірі, өйткені ол Орталық Азияның қақ ортасында орналасқан және қала үшін де, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз оны мүмкіндігінше тезірек дамытуға тырысамыз. Жаңа терминал келер жылы жұмыс істей бастайды деп үміттенеміз», — деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендерін растады. 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады