Әңгіме басында ол халықтың денсаулығын нығайтудың өзекті мәселелерін шешу үшін елдеріміздің арасындағы денсаулық сақтау саласындағы бірлескен қызметті дамытуға Қазақстан тарапының мүдделілігін атап өтті.
Денсаулық сақтау вице-министрі «China Xinxing Group Co. Ltd.» директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цзянь мырзамен (ҚХР) кездесті. Ол Қытайдың Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы маңызды стратегиялық әріптестері ретіндегі рөлін ерекше атап өтті.
«Біз тәжірибе алмасуды белсенді түрде жүзеге асырып жатырмыз, сондай-ақ дәстүрлі медицинадағы жетістіктерімізді қытайлық әріптестерімізбен бөлісеміз. Біздің өзара іс - қимылымыздың жоғары деңгейін ескере отырып, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі жандандыруды ұсынамыз және әріптестік перспективалары бойынша Сіздің ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынбыз», - деді В.Дудник шетелдік компания басшысына сөйлеген сөзінде.
Бұдан әрі Тараптар медицина және фармацевтика саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру бөлігінде ықтимал ынтымақтастық аспектілерін талқылады.