Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бишімбаевтың ісі бойынша сот тергеулері аяқталды

Бишімбаевтың ісі бойынша сот тергеулері аяқталды
Фото: Telegram/Jogargy_sot

24 сәуірде судья Айжан Құлбаева Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот тергеулерінің аяқталғанын жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұның алдында ол айыпталушылардан өздеріне тағылған айыптар бойынша ұстанымдары өзгерген-өзгермегенін сұрады.

"Азаптау бойынша маған тағылған кінәні мойындамаймын. Екінші эпизод бойынша маған қасақана қатыгездікпен кісі өлтірді деген айып тағылды, мен Нүкенованы өлімші етіп ұрып-соққанымды мойындаймын, бірақ мен мұны қасақана жасаған жоқпын", - деді Қуандық Бишімбаев.

Судья: "Абайсызда адам өліміне әкеліп соқтырған дене жарақаттарын келтіру бойынша кінәмді мойындаймын дейсіз ғой" деп оған нақтылап сұрақ қойды. Бишімбаев мұны растады.

Екінші сотталушы - оның немере ағасы Бақытжан Байжанов кінәсін толық мойындамады.

"Қылмысты жасыру дегенді мойындамаймын. Қылмыс туралы хабарламауға келетін болсақ, мен қалай білдім, солай бірден "жедел жәрдем" шақырдым. Сондықтан мұны да мойындамаймын. Менің кінәм бар: көмекті ертерек шақыруым керек еді", - деді ол.

Сотталушылардың сөзінен кейін судья:

"Олай болса, сот тергеулері аяқталды деп жарияланады. ҚР ҚІЖК 383-бабының талабы бойынша сот тараптарға 2024 жылғы 29 сәуірге дейін сот жарыссөздеріне дайындалу үшін уақыт береді. 29-ы күні сот отырысы жалғасады және жарыссөз басталады", - деп мәлімдеді Құлбаева.

Аталған қылмысты іс бойынша 27 наурыздан бастап 17 сот отырысы өтті.

"Жарыссөз 29, 30 сәуірде, 2, 3 мамырда және уақыт жеткіліксіз болып жатса, 4 мамырда да болады. Бірақ бәріне үлегереміз деп ойлаймын", - деді судья.

24 сәуірде сот отырысында көріпкелден жауап алынды, оның айғақтары сотталушылар Бишімбаев пен Байжановтың келтірген айғақтарынан басқаша болып шықты. Сонымен қатар, сотта отбасының үй қызметкері сөз сөйледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді