Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бишімбаевтың сотында "жедел жәрдем" операторының жазбасы тыңдалды

Бишімбаевтың сотында
Фото: Tengrinews.kz

Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысында Салтанат Нүкенова қайтыс болған мейрамханадан түскен қоңырауға жедел жәрдем операторы жауап берген жазба тыңдалды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Нүкенова қайтыс болған күні мейрамханаға барған полиция қызметкерінен жауап алынған соң, оның видеотіркегішіндегі жазбаны көру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін Бишімбаевтың адвокаттары жедел жәрдем операторымен әңгіменің жазбасын тыңдауды сұрады.

Жедел жәрдемді кім шақырғаны нақтыланбайды. Бұл Бишімбаевтың ағасы – екінші сотталушы Бақытжан Байжанов болуы мүмкін. Ер адамның дауысы телефон арқылы мейрамханаға бригада керек екенін айтады. Оператор барлық мәліметті анықтағаннан кейін ол "науқастың" тамыр соғысы бар-жоғын сұрайды.

"Күйеуінен сұраңыз, тынысын тексерсін - ол дем алып жатыр ма? Кеудесі көтеріліп жатыр ма? Қараңыз", - деді әйел.

Қоңырау шалға адам: "Жоқ, мен білмеймін", - деп жауап берді.

Тағы сұрағаннан кейін ол Салтанаттың тыныс алмай жатқанын айтады.

"Екі саусақты мойынға, трохея бойына қойыңыз, тексеріңіз, тамыр соғысы бар ма? Өйткені тамыр соғысы болмаса, қазір жедел жәрдем келгенше реанимация жасаймыз", - дейді жедел жәрдем операторы.

"Мен тамыр соғысын сезбей тұрмын, - дейді ер адам.

Осы кезде артқы жақтан Қуандық Бишімбаевтың дауысы естіледі. Ол жылап, айқайлайды: "Ол өліп қалды, ол өліп қалды". Сондай-ақ, Нүкенованы реанимациялау кезінде Бишімбаев оның есімін айтады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады