Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Қазақстан мен Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті
Фото: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевтың төрағалығымен Қазақстан және Қырғызстан Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың 2024 жылғы 18-19 сәуір аралығында Қазақстанға ресми сапары шеңберінде мемлекет басшыларының төрағалығымен өтетін Қазақстан Республикасының және Қырғыз Республикасының Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 6-шы отырысын өткізуге дайындық мәселелері қаралды.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылады. Достық, бауырластық, құрмет пен тату көршілік негізінде одақтастық қатынастарды одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге өзара бейілділігін растады.

Министрлер сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарын теңестірді», көпжақты құрылымдар шеңберіндегі сындарлы ынтымақтастықты және екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын өзара қолдауын атап өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша сыртқы саяси ведомстволар басшылары Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 6-шы отырысы шешімінің жобасына қол қойды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
Мемлекет басшысы БАҚ өкілдерін марапаттады
Ақордада су тасқынымен күреске белсене атсалысқан азаматтарды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті
Мемлекет басшысы Қазақстан-Сингапур бизнес форумында сөз сөйледі
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады