Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық комиссияның атқарған жұмыстары және алдыңғы кезеңге арналған жоспарлары туралы есеп берілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Кездесуде отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған заңнама нормаларын жетілдіру мәселелері қарастырылды.


Мемлекет басшысының пікірінше, заң жобасын пысықтауға орталық және жергілікті атқарушы органдардың бәрі жұмылдырылуы тиіс. Отбасы институтын барлық деңгейде нығайту мәселелері бойынша мекемеаралық өзара іс-қимылдың тиімді регламентін әзірлеу қажет.


Президент әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аймақтық комиссиялардың жұмыс істеу тәсілдеріне енгізіліп отырған ұсыныстарды қолдап, оларға азаматтық қоғаммен тығыз байланыс орнату қажет екенін атап өтті. Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін өңір әкімдеріне үлкен жауапкершілік жүктелуі тиіс.


Кездесуде еліміздің қоғамдық-саяси өміріне әйелдердің араласу мәселесі қозғалды. Мемлекеттік органдардағы, квазимемлекеттік және корпоративтік секторлардағы әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін сақтау олардың қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі шарты мен көрсеткіштерінің бірі болуы тиіс.


Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік деңгейдегі қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге әйелдерді жұмылдыру жобасын оң бағалады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі