Абай облысында құтқарушылар жоғалған екі адамды тапты. Бұл жайында ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Бүгін таңертең Абай облысының құтқарушылары 1965 жылы туған ер адам мен оның 2013 жылы туған немересін құтқару операциясы сәтті өтті.Олар елді мекеннен 25 км қашықтықта іздеу-құтқару жұмыстары барысында табылды. Тікұшақ ауаға көтерілді. Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.