Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақмолалық құтқарушылар бес тәулік бойы жоғалған балықшыларды іздестіруде

Ақмола облысы Астрахан ауданында құтқарушылар бес күн бойы балықшыларды іздеп жүр. Үш дос бірге көлдің жағасында балық аулап, жоғалып кетті, іздеу орындарында жағадан бір шақырым қашықтықта қамыс үстінде төңкерілген металл қайық табылды. Оқиға Ұзынкөл ауылдық округінің аумағында, Баршын көлінің маңында болған, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Іздеу жұмыстары барысында 1981 және 1976 жылы туған екі ер адамның денесі табылды, 1978 жылы туған үшінші ер адамды іздеу жалғасуда, - деп хабарлады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.


Мұз астынан балық аулаушыларға балық аулауды жеке құтқару құралдары болған кезде ғана жүзеге асыру ұсынылады. Егер сіз қайықта балық ауласаңыз немесе аң ауласаңыз, онда ол техникалық жағынан жақсы, су төгетін және құтқару құралдарымен жабдықталған болуы керек. Қайықта болған кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию және ешқандай оқыс қимыл жасамау, қайықтың  шетіне еңкейіп  тұрмау, жүрмеу қажет.


Сонымен бірге, ҚР ТЖМ күзгі-қысқы кезеңде су айдындары жұқа мұзбен жабылатынын және оған мұз асты балық аулауды жақсы көретін балықшылар шығып, өз өміріне қауіп төндіретінін еске салады. Сонымен қатар азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтауға: қараңғы уақытта және көрінуі нашар болған кезде мұзға шықпауға; жұқа және қатпаған мұз учаскелеріне шықпауға; мұздың жеке учаскелерінде топтасып жиналмауға; мұздағы шұңқырларға, жарықтарға, ойықтарға жақындамауға шақырамыз.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты