Бүгін Түркістан облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен теңіз деңгейінен 3800 м биіктікте 1967 ж.т. жоғалған адамның денесі табылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта оны жаяу түсіру жұмыстары жүргізілуде. Қалыңдығы 20 см қар жамылғысы, жер бедерінің таулы, тасты болуы түсіру жұмыстарын қиындатуда.
Іздеу-құтқару жұмыстарына Түркістан облысының Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен Альпинизм федерациясының кәсіби альпинистері жұмылдырылды.