Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді

Алматы облысының тауларында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді
Фото: Алматы облысы ТЖД

24 қыркүйекте сағат 19:47-ден бастап Алматы облысы Жамбыл ауданы Фабричный ауылының таулы жерінде құтқарушылар күшімен 1989 жылы туған жас жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы облысы ТЖД баспаcөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ол 2023 жылдың 24 қыркүйегінде сағат 11-де мотоциклмен тауға шығып, қайта оралмаған. Сағат 16:30-да ол досына бейежазба және геолокация жіберіп, тауларда қалың тұман бар екенін және қайтып оралу мүмкін еместігін хабарлаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын ТЖ департаменті, республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлері және жоғалған адамның достары жүргізді. Шатқалдың ішінде шамамен төрт шақырымдай жүріп, жоғалған туриске қарай көтеріліп, сағат 21:33-те оны көлікке аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖ департаментінің 4 қызметкері мен техникасы, кинологиялық есеппен 4 құтқарушы және республикалық жедел-құтқару жасағының техникасы, жоғалған азаматтың 3 досы жұмылдырылды. 

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа-райының өзгеруін бақылауға және туристік маршруттарда сақтық шараларын сақтауға шақырады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты