Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Риэлтор қызмет толыққанды мамандыққа айналуы мүмкін

Риэлтор қызмет толыққанды мамандыққа айналуы мүмкін
Фото: pixabay.com

Риэлторлық қоғамдастық өкілдері риэлторлық қызметтіреттеу мәселесі бойынша мемлекеттік органдармен құрылымды диалог жүргізеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі «Атамекен» ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атамекен»ҰКП алаңында риэлторлық қызметтің түйткілді мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Оған ҚР Ұлттық экономика, Әділет, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері, «Атамекен» ҰКП мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысты.

Қазақстанда риэлторлық қызметті реттеу мәселесі өте өзекті. Риэлторлық ұйымдар бизнесті әділ жүргізуге талпынады, алайда қазіргі кезде олардың қызметін реттеуші ұйымдар жоқ. Бұл жайт клиенттер үшін де, саланың беделі үшінде белгілі бір тәуекелдерді тудырады.

Осылайша,үкімет пен бизнес-қоғамдастықтың алдына риэлторларға сатып алу,сату және жалға беру қызметтерін ашық түрде ұсынуға, ал клиенттерге бұл қызметтерді қауіпсіз алуға мүмкіндік беретін механизмді анықтау міндетіқойылды.

Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риэлторлар қауымдастығының вице-президенті Лариса Степаненко риэлторлық қызметтер нарығының ағымдағы жай-күйі менпроблемаларына тоқталды.

«Біз реттеуді жолға қою керек сатыдатұрмыз. Механизмдерді, соның ішінде лицензиялауды қарастыру және талқылаумаңызды», - деп атап өтті Лариса Степаненко.

Осылайша,риэлторлық қауымдастықтар мен кәсіпкерлер Ұлттық экономика министрлігінеқұрамына нарық өкілдері кіретін салалық кеңес немесе жұмыс тобын құруды ұсынды.

Ұлттық экономика министрлігі бұл бастаманы қолдады.  

Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риэлторлар қауымдастығы президентініңкеңесшісі  Нина Лукьяненко жаңа топтың құрылуына қатысты пікірін білдірді.

«Қоғамда риэлторларға қатыстыжағымсыз имидж қалыптасқан. Біздің кәсіби қоғамдастықтың міндеті – азаматтарғариэлторлық оң  және құрметті мамандық екенінтүсіндіру. Ол үшін көп жұмыс істеп, қызметімізді реттеудің ең ыңғайлы жәнеоңтайлы жолдарын табу керек», - деді спикер.

Жалпы, талқылау барысында риэлторлық білім алу, этикалық стандарттар,мамандыққа дұрыс кірісу, жылжымайтын мүлік нарығын ынталандыру мәселелері көтерілді.

Өз кезегінде «Атамекен» ҰКП отандық риэлторлық кәсіпкерлікті қолдаужөніндегі жұмысты жалғастыруға дайын және жылжымайтын мүлік нарығында әділбәсекелестікке ықпал ететін ұсыныстар үшін ашық.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді