Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас Прокуратураға мемлекеттік кірістер комитетінің заңсыз әрекеті туралы ресми хат жібереді

Қазіргі кезде кәсіпкерлер Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінен ұрылған чектердің саны мен Ashyq арқылы өткен адамдардың саны бір-біріне сәйкес келмейтіні туралы хаттардың көшірмелерін жіберіп жатыр, деп хабарлайды Атамекен.

21 желтоқсанда Қостанай облысынан келіп түскен шағымнан кейін Ұлттық палата екі министрлік – ҚР Цифрлық даму министрлігі және ҚР Қаржы министрлігімен бірлесіп, шұғыл жиналыс өткізді. Онда мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хаттардың заңдылығын тексерді. 

 «Атамекен» заңгерлері бұл хаттардың заңдық күші жоқ әрі кәсіпкерлерге таратылмауы керегіне көз жеткізді. Қазіргі кезде орын алған ситуацияға байланысты кәсіпкерлер абдырап қалды. Бұл хаттар хабарлама немесе ескертпе емес. Бизнес өкілдері бұл хаттарды елемесе болады. Олардың міндетті нормативтік негізі жоқ, өйткені салық бақылауы салықтық тексеру немесе мемлекеттік бақылаудың басқа формасы түрінде жүзеге асырылады. Біз осыған қатысты ешқандай әрекет қабылдамауға кеңес береміз, сондай-ақ Қаржы министрлігіне жіберілген хаттарды кері қайтарып алу туралы өтініш білдірдік», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

 Бұдан бөлек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бас прокуратураға ресми хат дайындап жатыр, онда Мемлекеттік кірістер комитеті әрекетінің заңдылығын тексеруді сұрайды. 

 «Ashyq жобасы – мониторинг жүргізу және кәсіпкерлерге келушілердің қауіпсіздігін сақтау және шектеу кезеңінде қызметті жалғастыру үшін нысандарда «қызыл» және «сары» статусы бар келушілерді анықтауға көмектесу құралы. Оның басқа функциясы жоқ», – деп атап өтті ҰКП төрағасының орынбасары.
 
Спикер Ұлттық палата бұл мәселені бүгін, 22 желтоқсанда коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында көтеретінін айтты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді