Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Вейптің салдары: елордада тыныс алу органдарының аурулары көш бастап тұр

Вейптің салдары: елордада тыныс алу органдарының аурулары көш бастап тұр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Никотиннің адам денсаулығына теріс әсері бұрыннан белгілі, ғалымдар жыл сайын никотин мен құрамында никотині бар заттарды қолданумен байланысты аурулар мен құбылыстарды көбірек зерттеп келеді, бірақ оны қолдану адамзаттың ең танымал және зиянды әдеттерінің бірі болып қала береді. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуова мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, ересектер мен жасөспірімдер арасында вейп барған сайын танымал болып барады. Электрондық темекіні тұтынудан никотин аэрозольдерінің барлық химиялық құрамын қабылдайтын алғашқы орган ретінде тыныс алу жүйесі зардап шегеді. Электрондық темекінің көпшілігінде тәуелділік тудыратын никотин бар.

«Вейпті өкпенің он шақты ауруымен байланыстыруға болды. Елордада тыныс алу органдары ауруларының жиілігі жалпы сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында тұр. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласында тыныс алу органдарының ауруларымен 450 мыңға жуық адам, оның ішінде бастапқы сырқаттанушылықпен 390 мыңнан астам адам тіркелген. Бұл аурулар осы электронды темекіден де туындауы мүмкін.Вейп, кәдімгі темекі шегу сияқты, темекі шегушілердің өздеріне ғана емес, айналасындағыларға да зиянды. Ғалымдар электронды темекі шегетін адамның жанында 30 минут болған кезде темекі шекпейтін адамның жасушаларында тотығу стресі жоғарылайтынын анықтады. Бұл денеде бос радикалдар (жасушаларға зақым келтіруі мүмкін бөлшектер) мен антиоксиданттар (бос радикалдармен күресетін заттар) арасында дисбаланс болған кезде пайда болады. Уақыт өте келе мұндай дисбаланс жүрек-қан тамырлары, өкпе және неврологиялық аурулардың, сондай-ақ онкологияның дамуында маңызды рөл атқаруы мүмкін», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады