ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы денсаулыққа қатысты балаларарасында жүргізілген сауалнаманы жариялады, деп хабарлайды kazlenta.kz.
HBSC зерттеу жасөспірімдерарасында темекіні тұтынудың ауқымы мен ерекшеліктерін көрсетіп берді.
Осыны назарға ала отырып, ҚР ДСМҚоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы 2018 жылы мектептерде 11-15 жасаралығындағы балаларға «Мектеп жасындағы балалардың денсаулыққа қатыстымінез-құлқы» (HBSC) тақырыбында сауалнама жүргізді.
ҚДСҰО жүргізген ұлттық сауалнамадеректері Қазақстандағы 11, 13 және 15 жастағы 36000-ға жуық оқушы өмірінде әйтеуірбір темекі тартып көргенінін (4,8%) көрсетеді.
11 жастан 15 жасқа дейінгіаралықта темекі тұтынушылар саны үш есеге артады, бұл ретте қыздарға қарағанда15 жастағы ер балалар темекіні көбірек тартады.
Ауылдық жерлерде тұратын балаларқала балаларымен салыстырғанда темекіні сирек шегеді.
Таяудағы темекі шегу, яғни соңғы30 күн ішінде темекі шегу ер балалар арасында едәуір артты, 11 жастағыларарасында 2%, 13 жастағылар арасында 2,7% және 15 жастағыларарасында 6,7% құрады. 11,13 және 15 жастағы қыздар арасында таяудағы темекішегу тәжірибесі тиісінше 2%, 1,8% және 3,5% құрады.
11, 13, 15 жастағы оқушылардың2,5% -ы күн сайын темекі шегеді. Күн сайын темекі шегу ұл балалар арасында 13жастан 15 жасқа дейін артып отыр.
Сондай-ақ, электронды сигаретжәне қыздырылатын темекі өнімдері жаһандық темекі індетіне қарсы күрес үшінпроблема туғызады.
Электронды сигареттерге келетінболсақ, ҚДСҰО деректері 13000-ға жуық жасөспірім (14%) және 5600 қыз (6%), 15жастағы мектеп оқушылары, болмағанда 1-2 күн электронды сигаретті шегіпкөргендігін көрсетіп отыр.
Айта кету керек, электрондысигареттерде, әдетте никотин болады, ол күшті тәуелділік тудырады және мидыңдамуына зиян келтіруі мүмкін.
ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтауұлттық орталығының ғылым және кәсіби даму бөлімінің бас маманы ШынарАбдрахманованың пікірінше, жастарды темекі өнімдерін тұтынудан қорғауға болады,егер:
* Ата-ана өздері темекі тартпай, балаларына үлгі бола білсе;Олар жастармен темекінің зияны туралы сөйлесе алады.
* Ата-ана мен отбасы мүшелеріүйде темекіні қолданбау ережелерін қолданатын болса;
* Әкімшілік пен мұғалім мектептетемекісіз саясатты қолданатын болса;
* Медицина қызметкерлеріжастарға кез келген темекі өнімдерін тұтынуға қарсы кеңес беріп отырса; ондажастарды зиянды әдеттен арылтуға болады.