Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы АҚШ-тағы эпидемияға байланысты қазақстандықтарға вейпингтан бас тартуды ұсынады, деп хабарлайды Kazlenta.kz, Орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
АҚШ-та электрондық темекілерді шеккен адам өлімінің бесінші жағдайы тіркелді. АҚШ Денсаулық сақтау министрлігі электрондық темекіні пайдаланудан пайда болатын белгісіз ауруға байланысты, адамдарды олардан бас тартуға шақыруда. Бүгінгі таңда вейпингпен байланысты тыныс алу жүйесінің проблемасымен емдеуге жатқызылған 500-ден аса жағдай тіркелген.
Айрықша таралған ауру белгілері жөтел, кеуденің ауырсынуы, ауаның жетіспеуі, қалтырау, бас ауруы, естен танып қалу, диарея, анорексия, салмақ жоғалту және т.б. болды.
Бронхоскопия бұл аурудың жұқпалы емес екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Рентгенограмма өкпенің астыңғы бөлігінің күңгірттенгенін, компьютерлік томография — өкпе альвеолары үлпілделігінің төмендегенін көрсетті.
Әуелі бастан электрондық темекілер мен вейперлер шылым шегуді тастауға немесе 18 жастан жоғары адамдар үшін зиянды әдеттің залалын төмендетуге көмектесетін құрал ретінде ұсынылған. Алайда, соңғы жылдары олар мектеп оқушылары мен жастар арасында танымал болып кетті. Ғалымдардың жас вейперлерге жүргізген жарты жылдық бақылау нәтижесі көрсеткендей, олардың 25%-ы жиі темекі шеге бастаған, тағы 21%-ы ар-арасында шылым шеге бастаған. Салыстыру үшін: вейпингпен әуестенбегендердің арасында темекілерге құмарпазданған мектеп оқушыларының үлесі gazeta.ru деректері бойынша барлығы 2%-ды құраған.
Вейптің негізгі компоненттері никотин, пропиленгликоль - Е1520 тағамдық қоспасы, глицерин, су және иістендіргіштер (ароматизаторлар) болып табылады. Электрондық темекілерді пайдаланатын жас адамдар басқаларға қарағанда қарапайым темекілерді жиі шеге бастайтынын ғалымдар белгілеп өткен. Бұдан бөлек, Гарвард ғалымдары электрондық темекілерге арналған бірреттік картридждердің 75 белгілі маркасы мен вейптерге қайта құятын сұйықтықтарды зерттеген болатын, осылайша демікпені, өкпенің қабынуы мен қызметін төмендететін ауруларды тудыратын бактериялық және зеңдік токсиндердің іздерін анықтаған, олардың шамамен 30% және 80%-да сәйкес келіп жатады. Бұл ретте, бактериялық токсиндер жеміс дәмі бар вейптерде жиі кездесті, ал зеңдік токсиндер — темекі және ментол иісі бар толтырмаларда кездесті.
Никотин — обырды, жүрек-қантамыр ауруларын тудыртатын өте қауіпті уытты компонент, ал ең қауіптісі — ол никотиндік тәуелділікке әкеледі. Сондай-ақ, ағзаның никотинмен улану қаупі өте жоғары, өйткені вейпер, шегіп жатқан құралының қауіпсіз екендігіне сеніп оны шегу мөлшерлемесін көбейтуі әбден мүмкін. Темекіде никотин аз болған сайын, оны шегу жиілігі мен тереңдігі көбірек болады. Шылымқор адам ағзаны никотиннің белгілі мөлшерімен қандыруға ұмтылады, яғни қалаған психологиялық әсерге қол жеткізгісі келеді: күштің пайда болуы, тынышдандыратын сезім және т.б.
Темекі иістендіргіштерінде қарапайым шылым шегу сезімін барынша беретін дәмдердің үлкен спектрі бар. Бірақ, көп иістендіргіштерде олардың қауіпсіздігі мен құрамын растайтын қажетті құжаттамалары жоқ. Қоспаның құрамына, шылымқордың физиологиялық ерекшеліктеріне қарай олар тәбеттің жоғалуына, ұйқы проблемаларына, эмоционалдық жағдайдың төмендеуіне және ағзаның иммундық сапасының нашарлауына әкеледі. Бронх жүйесінің түрлі патологияларының пайда болу қаупі бар; сондай-ақ психологиялық (никотиндік қоспаларды пайдаланғанда), кейбір жағдайларда физикалық деңгейлерде қалыптасқан тәуелділіктің пайда болуына әкеледі.
Бүгінгі таңда, орын алған жағдайларға байланысты, бүкіл әлемнің ғалымдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп электрондық темекілердің адам денсаулығына тигізетін залалын зерделеуде, алайда, біз өзімізді және балаларымызды АҚШ-та болған эпидемияға ұқсас жағдайдан қорғауымыз қажет.
Осыған байланысты, Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қазақстандықтарға электрондық темекілерден бас тарту мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Вейптерді қауіпсіз деп санауға болмайды. Оның құрамында канцерогендермен бірге ағзаны улайтын әлеуетті зиянды қосындылар мен уытты қоспалар бар, сондай-ақ металл іздері — немесе қыздырғыш элементтің, не темекі құрылғысының басқа бөлігінің іздері бар. Бұдан басқа, девайстар атылып, тұтынушы адамды жарақаттауы мүмкін.
Орталық салауатты өмір салтын ұстануға: дұрыс тамақтану үлесін сақтауға, тұз мөлшерін көп тұтынбай, спортпен айналысуға, зиянды әдеттерден бас тартуға шақырады. Осындай қарапайым кеңестерді сақтау - Сізге ұзақ және сау өмір сүруге кепілдік береді.