Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық бітімгерлер Голан биіктіктеріндегі дербес миссияға кірісті

Қазақстандық бітімгерлер Голан биіктіктеріндегі дербес миссияға кірісті
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағында Голан биіктігінде орналасқан Фауар бітімгерлік базасында Қазақстанның бітімгерлік контингентіне ұйымның туын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға «БҰҰ-ның бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясының басшысы генерал-лейтенант Курмал Нирмал және миссия құрамындағы бітімгерлік контингенттердің басшылары қатысты.

– Миссия қолбасшысының резерві болу үлкен мәртебе, – деп атап өтті генерал-лейтенант Курмал Нирмал қазақстандық әскери қызметшілерге арнаған сөзінде. – Сіздерге кәсіби біліктілік пен тиісті құзыреттілікті талап ететін ең жауапты міндет жүктеліп отыр. Қазақстандық бөлімше де Ирландияның бітімгерлік контингенті сияқты өзіне жүктелген миссияны лайықты деңгейде орындайтынына сенімдімін.

Ирландиялық бөлімшенің басшысы подполковник Оливер Клиар БҰҰ Туын Қазақстан ұлттық контингентінің командирі подполковник Жігер Аиповқа салтанатты жағдайда тапсырды.

–  БҰҰ туын тапсырған сәттен бастап біздің бөлімше Голан биіктіктеріндегі миссияның толыққанды қатысушысы болды. Енді біз тапсырма бойынша жүктелген міндеттерді орындауға кірісеміз, – деп түсіндірді подполковник Жігер Аипов.

Бір жыл ішінде қазақстандық бітімгерлік контингент жергілікті жерді патрульдеумен, блокпосттарды күшейтумен және қарсылас тараптар арасындағы атысты тоқтату режимін қолдаумен айналысып, БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес басқа да міндеттерді орындайтын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты