Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылордада ЖҚЕ бұзған 900-ге жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды

Қызылордада ЖҚЕ бұзған 900-ге жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Қызылордада жыл басынан бері жол қозғалысы ережесін бұзған 900-ге жуық жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында Қызылорда қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері күнделікті күшейтілген тәртіпте қызмет атқарады. Қала аумағында азаматтардың арнайы жаяу жүргіншілер жолағынан емес, жолдың кез келген бөлігінен кесіп өтіп, апат тудыруға себепкер болуы мүмкін жайттар аз емес.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция қызметкерлері жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің жол қозғалыс ережелерін бұзған 890 азаматты анықтап, тиісінше заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтырды.

Аталған жаяу жүргіншілер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабымен (Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) жауапкершілікке тартылды.

Осы ретте тәртіп сақшылары жаяу жүргіншілер мен көлік тізгіндеген жүргізушілерге жол үстінде өз өмірін қатерге тікпеуге және тиісті ережелер мен сақтық шараларын қатаң ұстануға кеңес береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты