Наурыз меркесі қарсаңында көмекке мұқтаж азаматтарға 1000-нан аса азық-түлік себеттері тапсырылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Астана қаласынның әкімдігі мен «Qazaq oil» компаниясы өзара іс-қимыл туралы Меморандум аясында осы жылдың соңына дейін елорданың мұқтаж отбасыларына 4 мың дана азық-түлік жиынтығы түрінде көмек көрсететін болады.
2023 жылдан бастап қала әкімдігі мен «Qazaq oil» компаниясы бірлескен меморандум аясында әлеуметтік аз қамтылған 5000-ға жуық отбасыға көмек көрсеткен болатын.
«Qazaq oil» компаниясы әлеуметтік жауапкершілікті мойындарына ала отырып, әкімшілікпен бірлесіп, екінші жыл бойы осы науқанға ат салысып отыр және де басқа да жеке бизнестердің иелерін осындай науқандарға қатысуға шақырамыз! –деді «Qazaq oil» компаниясының өкілі.
Әлеуметтік көмекті алғандардың бірі – көп балалы ана Роза Сырбекова. Жолдасы екеуі бүгінде 5 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр. 2021 жылы сатып алу құқығынсыз пәтер алған. Ол әлеуметтік көмек көрсеткен акция ұйымдастырушылары мен еріктілерге алғысын білдірді.
-Мен көпбалалы анамын, бүгін наурыз мерекесіне орай азық-түлік әкеліп жатыр, «Qazaq oil» компаниясына алғыс білдіремін, қала әкімдігіне, еріктілерге рахмет. Көп балалы ана ретінде кезекке тұрғанмын, баспана алғанмын. Келе жатқан наурыз мерекесімен барша қазақстандықтарды құттықтаймын! , деді көпбалалы ана Роза Сырбекова.
Сондай-ақ, қала әкімдігінің өкілі қазақстандықтарды Наурыз меркесімен құттықтап, елорданың бей-жай қарамайтын азаматтарды, меценаттарды және бизнес-қоғамдастықтарын қайырымдылық акцияларға қатысуға шақырды.