Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент Жоғары сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Асламбек Мерғалиев президентке заң үстемдігін қамтамасыз етуге және сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған сот реформасының жүзеге асырылу барысы туралы мәлімет берген. Жоғарғы сот төрағасы реформа жөніндегі ұсыныстардың шұғыл шаралар, заңнамалық бастамалар және ұзақмерзімді міндеттер секілді үш топқа бөлінетінін атап өткен. Шұғыл шаралар аясында міндетті түрде оффлайн өткізілуге тиіс процестер үшін сот залдарын ашу, сондай-ақ анағұрлым шетін салалар бойынша Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын жаңарту мәселелері жоспарланған.
Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, істі сотқа дейінгі қарау сатысына тиімді сот бақылауын енгізу, мемлекеттік сатып алу, салық салу және жеке сот орындаушыларының қызметі салаларында әкімшілік істердің қаралу мерзімін қысқарту мәселелері заңнамалық бастамаларға жатады. Ұзақмерзімді жұмыс тәртібінде кешенді заңнамалық және ұйымдастыру шараларын әзірлеу қарастырылған.
"Қазіргі уақытта парламент қарауында екі заң жобасы жатыр. Олар сот төрағаларын сайлау арқылы таңдау тәртібін енгізуге, күштік құрылымдардың судьяларға қысым жасау жолдарын жоюға, Жоғарғы сот кеңесінің құзыретін күшейтуге және ювенальді соттардың қарауына жататын істердің аясын кеңейтуге бағытталған", – дейді Жоғарғы сот төрағасы. 
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды
Актер Вахтанг Кикабидзе қайтыс болды
Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды
Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясының иегері қатарынан табылды
Мультимедиа
Сайлауда өмірге келген сәбилер!
Алматыда есірткі сатқандар “тауарды” қайдан және қалай алатынын айтып берді
Алматыда “синтетиканы” даярлап, сатқан азаматтар ұсталды
Энергетика саласының қызметкерлерімен жүздесті
«AMANAT»: Кандидаттар үй-үйді аралады