ТЖМ қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 13 наурыз күні 11 сағат 49 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 522 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқаны белгілі болды.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты: 9.9. MPV
MPV магнитудасы: 4.5.
Эпиошақ координатасы: 38.79° С. Е. 74.76°ш.б.
Тереңдігі: 0 км.
MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы деректер: Қазақстан аумағында сезілген жоқ.