Қазақстан шекарасына жақын жерде, Қытай аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды kazlenta.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 599 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
""SOME" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 2023 жылғы 14 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 19:56:09-да (2023 жылғы 14 ақпанда 13:56:09 ГНШ) жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 8,9. Магнитудасы 4.1. Тереңдігі - 15 шақырым", - делінген хабарламада.