Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавлда УПП терезесін сындырған жігіт 15 тәулікке қамауға алынды

Петропавлда УПП терезесін сындырған жігіт 15 тәулікке қамауға алынды
Фото: polisia.kz

Петропавл полицейлері осыған дейін тыныштықты бұзып, жауапкершілікке тартылғаны үшін тәртіп сақшыларынан кек алған 18 жастағы жасөспірімнің ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

4 наурыз күні Петропавлда сағат 08:20 шамасында № 11 учаскелік полиция пунктінің қызметкері қызметке келіп, сынған әйнектер мен УПП тамбурының ашық кіреберіс есігін байқаған. Бейне бақылау камераларының жазбасын қарап шыққаннан соң кінәліні тез анықтау мүмкін болды. Ол сол күні таңертең тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған 18 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тиісінше қоңырау сағат 04:20 шамасында “102” арнасына түскен.

Құқық бұзушының айтуынша, түнгі уақытта жабық болған полиция пунктінің мүлкін зақымдауын өзінің мас болуы және оған салынған айыппұлға ашулану себеп болған. Бейнежазбадан оның терезені сындырып, учаскелік полиция пунктінің үй-жайының кіреберіс темір есігін бұзып кірмекші болғандығын көруге болады. Медициналық куәландыру көрсеткендей, құқық бұзушы мас күйінде болған.


– Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1 бабы бойынша материал жиналды. Бесінші наурызда әкімшілік соттың шешімімен жас жігіт 15 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты