Сс, 06 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО полицейлері көлікпен келе жатқан жолаушыларды қар құрсауынан алып шықты

ШҚО Алтай ауданының полиция қызметкерлері қар көшкінінің астында қалған көлікті шығаруға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым хабарланғандай, боранда ерлі-зайыптылар мен үш жолаушысы бар автокөлік Өскеменнен Алтай қаласына шыққан. Таңғы сағат 05:00-де Өскемен – Рахман қайнарлары тас жолының серпантинінде көлікті қар көшкіні жауып қалған. Қар көшкінінің астында қалған көлік.

Бұл күні облыстың қауіпті жолдарының бірінде азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында Серебрянск қаласы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Сұлтанғалиев , Серебрянск қаласы полиция басқармасының бастығы Ернұр Макиленов және Алтай ауданы полиция басқармасының мемлекеттік автоинспекторы Орынбасар Тұрғановпен бірге патрульдеуге шыққан. Басылымның мәліметінше, алдын алу шаралары мақсатында жолға шыққан тәртіп сақшылары қар басқан көлікті көріп, көмекке келген. Алдымен полиция қызметкерлері көлікті күрекпен қардан қазып алған.

Деседе көлікті қар құрсауынан шығару мүмкін болмаған. Тіпті техниканы уаз автокөлігімен сүйреп те қар құрсауынан шығара алмаған. Осылайша тәртіп сақшылары көмекке грейдер тракторын әкелген. Полицейлер оның көмегімен автокөлікті қардан шығарып, Алтай қаласына шыққан үш жолаушыны көлікке отырғызып жіберген. Ал Өскеменге бет алған ерлі-зайыптылар Серебрянск қаласында қалуға мәжбүр болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларға ыстық шай мен түскі ас беріп, көлікті жөндеу үшін қонақ үйге орналастырған. Ерлі-зайыптылар қиыншылық туған кезде немқұрайлы қарамаған және осындай қиын жағдайда көмектескен полицейлерге алғыс айтты. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді