Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодарда полиция есірткі қылмысымен айналысқан күдіктілерді қолға түсірді

Павлодарда полиция есірткі қылмысымен айналысқан күдіктілерді қолға түсірді
Фото: polisia.kz

Павлодарда полиция есірткі қылмысымен айналысқан күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері есірткі қылмысымен айналысқан 33 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйелді ұстады. Алдын ала анықталғандай, ұсталғанға дейін зиянкестер тыйым салынған заттарды құпия орынға тығып үлгерген.

– Оқиға болған жерді қарап тексеру кезінде полицейлер есірткі заты бар орамдарды және зерттеуге бағытталған, сондай-ақ электронды таразылар мен бекіткіші бар пакеттерді қоса алғанда, буып-түюге арналған құрылғыларды алып қойды. Полицейлер заңсыз айналымнан ұсталғандардан барлығы 33 грамнан астам синтетикалық есірткі затын тәркіледі, бұл аса ірі мөлшерге жатады, – дейді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын, сондай-ақ тыйым салынған заттарды жеткізу арналарын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда. Күдіктілердің айтуынша, олар интернет-ресурстар арқылы есірткі сатып алған. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер Павлодар қаласының УҚИ-на қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады