Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Көкшетау полицейлері есірткі таратумен айналысқан күдіктілерді қолға түсірді

Көкшетау полицейлері есірткі таратумен айналысқан күдіктілерді қолға түсірді
Фото: polisia.kz

Көкшетау полицейлері есірткі таратумен айналысқан күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

29 қазанда полицейлер кезекті психотроптық заттарды таратушыны ұстады. Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұнтақ тәрізді консистенциясы бар 10 полиэтилен түйіншекті тауып, тәркіледі.

Алынған зат психотроптық затқа жатады, оның нақты салмағына сараптама жасалып жатыр. Бір қызығы, 27 жастағы есірткі таратушы бұған дейін полиция қызметкерлерінің назарына іліккен, алайда жазадан қорықпай, заңсыз әрекеттерін жалғастыра берген.

Бұл фактіні полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Сол күні Көкшетау қаласы полиция басқармасының есірткіге қарсы полицейлері облыс орталығында психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеудің тағы бір фактісін анықтады.

Бұл жолы жедел уәкілдер “тәжірибелі” 42 жастағы азаматты ұстады. Ер адамды тінту кезінде полиция қызметкерлері ұнтақ заты бар 2 полиэтилен түйіншегін және психотроптық заттарды қолдануға арналған препаратты тапты. Айғақтарға сәйкес, есірткіні жасырын салу координаттарын қала тұрғыны мобильді қосымша арқылы өз дилерінен білді.

Бұл факт қазіргі уақытта тергеуде, сараптама қорытындысынан кейін тергеушілер іс жүргізу шешімін қабылдайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты