Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО-да есірткі саудасымен айналысатын топ ұсталды

ШҚО бойынша Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінің  арнайы жасағымен бірлесе отырып, облыстың орталық аумағында құпия орындарда сақтау арқылы психотропты заттарды аса ірі мөлшерде өткізумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Облыс орталығының аумағында құпия орындарда сақтау арқылы  синтетикалық психотроптық заттарды өткізумен айналысқан қылмыстық топтың  құрамына 19 бен 26 жас аралығындағы  6 ер адам кіргені анықталды.


- Фигуранттарды ұстауға дейін олардың жасырып үлгерген  құпия орындарынан полицейлер синтетикалық есірткі заттары бар түйіншектерді тәркіледі. Мамандардың жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, полиэтилен пакеттерінде шамамен 3 500 бір реттік дозада  синтетикалық  психотроптық зат болған, - деді ШҚО ПД  бастығы Сағат Мадиев.


Жүргізілген іс-шаралар барысында жедел уәкілдер  заңсыз айналымнан 1 кг-ден астам есірткіні тәркіледі. Тәркіленген есірткі заттардың қара нарықтағы құны шамамен 35 млн.теңгені құрайды.


Күдіктілер Уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру  жүргізілуде.

Басқа да ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті