Павлодарда продюсер мен рэперден есірткі табылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері есірткі таратты деген күдікпен екі азаматты ұстады.
Елорда тұрғындары заңсыз интернет-дүкеннің мүддесі үшін тыйым салынған заттарды жеткізушілері болғаны, Павлодар қаласына заңсыз қашықтықтан есірткі сатуды таңдағаны анықталды.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 28 жастағы рэпер ұсталды, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында каннабис бар байлам және телефон табылды. 27 жастағы ер адам иесі болып табылатын студияны тінту кезінде жазбалар мен өсімдік тектес есірткі құралдары, тауарды буып-түюге арналған электронды таразы мен ноутбук табылды, – деді Болат Нұрсейітов Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары.
Полиция бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Конституцияның 77 – бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабының 1-бөлігі бойынша адам қылмыс жасағаны үшін оның кінәсі сот үкімімен заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз болып саналады.