Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан полицейлері тұрғындардың үйіне ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады

Түркістан полицейлері тұрғындардың үйіне ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады
Фото: polisia.kz

Түркістан полицейлері тұрғындардың үйіне ұрлыққа түскен күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын ер адам арызданып, күндізгі уақытта оның үйіне белгісіз тұлғалар кіріп, алтын бұйымдарының ұрланғанын хабарлады. Жәбірленушіге 1,3 млн теңге шығын келген. Ұрлықты ашу мақсатында полиция бөлімінде жедел-тергеу тобы құрылып, полицейлер тез арада күдіктіні ұстауға кірісті.

Тәртіп сақшылары қылмыс орнындағы іздерді мұқият тексеріп, куәлардан жауап алып, басқа да қажетті барлық шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдікті ретінде екі ер азаматты ұстады. Олар Отырар ауданы мен Алматы қаласының бұрын сотты болған тұрғындары болып шықты.

Тексеру барысында күдіктілер үй иесінің жоқтығын пайдаланып, жәбірленушінің үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмедегі құнды заттарды ұрлап кеткен. Ұрланған алтындарды ломбардтарқа өткізіп, ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сондай-ақ күдіктілердің дәл осылай тағы бір тұрғынның үйіне терезе арқылы еніп, қылмыс жасағанын анықтады.

Тәртіп сақшылары қолды болған алтындарды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жэатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады