Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында “синтетиканың” ірі партиясымен Тараздан келген есірткі курьері ұсталды

Абай облысында “синтетиканың” ірі партиясымен Тараздан келген есірткі курьері ұсталды
Фото: polisia.kz

Абай облысында “синтетиканың” ірі партиясымен Тараздан келген есірткі курьері ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай облысында синтетикалық есірткі таратқаны үшін ұсталған Тараз қаласының тумасынан 200 грамнан астам “синтетика” тәркіленді. Абай облысының полицейлері синтетикалық есірткі заттарын бетбелгі арқылы заңсыз сатумен айналысқан жігітті “ізін суытпай” ұстады.

Арнайы операцияны жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 35 жастағы азаматты ұстады. Күдікті “синтетиканы” бетбелгілер арқылы таратқан Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Ұялы телефонын зерделеу кезінде ол облыс орталығында 50-ден астам синтетикалық бетбелгі қойғаны анықталды.

Ұсталған адамның жалдамалы пәтерін тінту барысында полицейлер ақ түсті ұнтақ заты бар полимерлі пакетті, бос зип-пакеттерді, 2 электронды таразыны, фольга орамасын, сараптама қорытындысына сәйкес жалпы салмағы 218,8 гр-ден асатын мефедрон психотроптық заты болып табылатын байламдардың оқшаулағыш таспасын тапты.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты