Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда полиция қызметкерлері есірткі притонын жойды

Ақтауда полиция қызметкерлері есірткі притонын жойды
Фото: polisia.kz

Ақтауда полиция қызметкерлері есірткі притонын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 қараша күні сағат 20:55 шамасында Маңғыстау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына келіп түскен жедел ақпарат бойынша басқарма қызметкерлері Ақтау қаласының 5-шағын ауданындағы пәтерлердің бірінде есірткі қолдануға арналған притонды жойды.

Пәтерді тінту кезінде пластикалық бөтелке, шприц және басқа да заттар табылды және тәркіленді.

49 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 302-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Ақтау қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар полицейлер пәтерден шыққан 33 және 41 жастағы екі әйелді ұстады. Жеке тінту кезінде олардың бірінің сөмкесінен 68 грамм марихуананың 16 түйірі табылды.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелген. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді