Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА 2024-2026 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім жасасты

Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА 2024-2026 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісім жасасты
Фото: primeminister.kz

Үкімет, Ұлттық банк және ҚНРДА жаңа келісім шеңберінде 2024-2026 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіруді жалғастырады. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Құжатта қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыру мақсатында тараптардың өзара тығыз іс-қимылы қарастырылған. Бірлескен күш-жігер экономиканы ауқымды және терең трансформациялау, инвестицияларды ұлғайту және инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерді орындау арқылы сапалы экономикалық өсуге қол жеткізуге бағытталады. 

«Үкімет өз міндеті ретінде орта мерзімді перспективада экономиканың өсу қарқынын 6%-ға дейін жеткізуді көздеп отыр. Ұлттық банк мақсаты – инфляциялық таргеттеу режимінде орта мерзімді перспективада инфляцияны шамамен 5% төңірегінде тұрақтандыру», — делінген келісім мәтінінде.

Атап айтқанда, Үкімет тұрақты экономикалық өсу үшін теңгерімді салық-бюджет саясатын жүргізетін болады, бюджет шығыстарының мұнай бағасына тәуелділігін төмендету, сондай-ақ олардың тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдайды. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет пен инвестиция тартуда белсенділікті арттыру үшін қолайлы және ынталандырушы жағдайлар жасау бойынша қадамдар қарастырылады. 

Азық-түлік өнімдерін тұтынудағы импорт үлесін қысқарту, оның ішінде жаңа құс және ет комбинаттарын, сүт зауыттарын іске қосу, алма бақтарын өсіру арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасады.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ауылшаруашылық тауарөндірушілерден тұтынушыға дейінгі қозғалысын цифрландыруға мүмкіндік беретін өнімді қадағалаудың Ұлттық жүйесі іске қосылады.

Үкімет сыртқы сын-қатерлердің Қазақстан экономикасына теріс әсерін барынша азайту үшін сыртқы тауар айналымын, сауда шарттарын және тәуекелдерді бақылауды жалғастырады.

Сондай-ақ құжатта инновациялық және бәсекеге қабілетті ортаны дамыту, көлеңкелі секторды азайту, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және т.б. мәселелер бойынша жұмыстарды әрі қарай жалғастыру қарастырылған.

Келісімде тараптар Қазақстанда институционалдық реформаларды жүргізудің, институттардың тәуелсіздігін нығайтудың, құқықтық базаны күшейтудің және республиканың институционалдық стандарттарын озық үлгіге жеткізудің маңыздылығын айқын атап өткен.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді