Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкімет 2026 жылға қарай инфляцияны 5%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр – Әлихан Смайылов

Үкімет 2026 жылға қарай инфляцияны 5%-ға дейін төмендетуді жоспарлап отыр – Әлихан Смайылов
Фото: primeminister.kz

Сенат отырысынан кейін өткен БАҚ-қа арналған брифинг барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының республикадағы инфляцияны екі есе төмендету туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Премьер-Министр жылдық инфляция ақпан айында шарықтау шегіне жетіп, қазан айының қорытындысы бойынша 10,8%-ға дейін төмендегенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда инфляцияның екі есе төмендегенін байқап отырмыз. Жыл соңына дейін оның деңгейі 10%-дан төмен болады деп болжаймыз. Бұл Үкімет пен Ұлттық банк жүзеге асырып жатқан тиісті шаралар кешені нәтиже бере бастағанын көрсетеді», — деді Әлихан Смайылов.

Мәселен, тұрақтандыру қорларының қызметі қайта ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыруға басымдық берілді, бұл отандық өндірісті қолдауға, экономиканың осы секторын дамытуға және нарықтағы бағаны тұрақтандыруға ықпал етті. Сондай-ақ маусымаралық кезеңде бағаны тұрақтандыру үшін тауарлық интервенциялар жүзеге асырылуда.

Оған қоса өңірлік комиссиялардың бақылау қызметі жолға қойылды. Жалпы мыңға жуық делдалдық схемалар анықталды.

Сонымен қатар халықты арзандатылған азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін еліміздің барлық өңірінде апта сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі. Ұн мен әлеуметтік нан бағасының өсуін тежеу мақсатында «Азық-түлік корпорациясы» қорларынан өңірлерге арзандатылған астықты жеткізу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Премьер-Министр орта мерзімді перспективада инфляцияны тағы 2 есеге, яғни 2026 жылы 5%-ға дейін төмендету жөніндегі жұмыс жалғасатынын атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты