Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Конспирацияның жаңа деңгейі: полицейлер есірткі курьерлері кофе стақандарын пайдаланатынын айтты

Конспирацияның жаңа деңгейі: полицейлер есірткі курьерлері кофе стақандарын пайдаланатынын айтты

Алматы полициясы есірткі курьерлері бетбелгі қою үшін кофе стақандарын пайдаланатынын айтты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы полициясы арнайы іс-шара барысында синтетикалық есірткіні көтерме сатушылар мен бөлшек саудада таратушыларды ұстады. Белгілі болғандай, олар жұппен жұмыс істеген.

– Бірнеше күн бұрын 30 жастағы Т.есімді азамат пен 28 жастағы К.есімді азамат ұсталды. Олардан мефедрон синтетикалық психотроптық заты бар 36 бума тәркіленді. Арнайы іс-шаралар барысында жастар есірткіні тұрақты жеткізушілер – 1986 жылы туған Л.есімді азамат және 1994 жылғы А.есімді азаматтан сатып алғаны анықталды. Бұл адамдар, белгілі болғандай, тек сенімді сатушылармен “жұмыс істеуді” жөн көрді. Қаскөйлердің жалға алған үйінен, атап айтқанда, тоңазытқыштан жалпы салмағы 2 келіге жуық ұнтақты зат салынған 745 бума табылды және тәркіленді. Ұсталғандар қылмыстарын мойындап, есірткіні көп мөлшерде Алматы облысының елді мекендерінен алғандарын айтты. Күдіктілер ірі көлемдегі есірткіні кофе стақандарына жасырған, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.


Қылмыстық істі Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеп жатыр. Ұсталғандар қамауға алынды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты