Бс, 08 мамыр 2025
Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қысқы демалыстың басталуына байланысты ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

Қысқы демалыстың басталуына байланысты ІІМ ата-аналарға үндеу жасады
Фото: polisia.kz

Қысқы демалыстың басталуына байланысты ІІМ ата-аналарға үндеу жасады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Құрметті ата-аналар!

Қазіргі уақытта есірткі кез келген отбасының өміріне енуі мүмкін. Биыл полиция есірткі таратуға қатысы бар 40-тан астам кәмелетке толмағанды ұстады.

Қысқы демалысқа байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының өміріне барынша араласуға шақырады, себебі баланың есірткі иммунитетін қалыптастыруда отбасының рөлі ең маңызды.

Сіздер балаларыңыздың ортасын білулеріңіз керек, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды қадағалағандарыңыз абзал. Жасөспірімнің заттарының арасында кез келген дәрі-дәрмек қаптамалары, фольга, шыны түтіктері, тамшуырлар кездессе, мұқият болыңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрал бола алады.

Ақша шығынына немесе керісінше оның көбеюіне назар аударыңыз. Себебі есірткіні қолданудан басқа бала тез арада көп табыс табу мүмкіндігіне қызығып, оны таратуға қатысуы мүмкін, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

Егер сіздің балаңызда:

  • араласатын ортасы өзгерсе;
  • достарымен сөйлесу немесе хат алмасу кезінде жаңа түсініксіз сөздер пайда болса;
  • телефонда, мессенджерлерде геолокациялары бар белгілер, фотосуреттер пайда болса,
  • телефон нөмірлері, интернет-сайтқа сілтемелері бар жазбалар немесе сандар жиынтығы болса;
  • белгісіз заттары бар түрлі-түсті орама болса, сіз күдіктенуге тиіссіз.

Естеріңізге сала кетейік, есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, есірткіні сатқаны үшін 14 жастан басталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді