Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте заңсыз айналымнан 137 келі есірткі тәркіленді

Шымкентте заңсыз айналымнан 137 келі есірткі тәркіленді
Фото: pixabay.com

Шымкентте заңсыз айналымнан 137 келі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қалалық ПД бастығының орынбасары Арман Бейсенбаевтің айтуынша, есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері есірткімен байланысты 506 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Нәтижесінде заңсыз айналымнан 137 келі есірткі заттары, оның ішінде 15 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді.


Арман Бейсенбаев есірткі сатумен байланысты қылмыстың тең жартысы интернет арқылы жасалатынын және онымен айналысатындардың 80 пайызы 30 жасқа дейінгі азаматтар екенін айтты.Осыған байланысты ол жастарды интернет желісіндегі жоғары жалақы мен 3-4 сағаттық жұмыс ұсынатын жарнамаларға алданып қалмауға шақырды. Мұндай ұсыныстардың артында есірткі жеткізуші (курьер), есірткі қойып кетуші (закладчик) және есірткі өткізуші сияқты аса ауыр қылмысқа итермелейтін қызметтер тұрғанын ашып айтты.

Сәйкесінше, мұндай қылмыс жасағаны үшін заңда 10-12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертті. Ал оқу орындарында есірткі сатып ұсталған жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жеткізді. Яғни, жеңіл жолмен келген ақша темір тордың ар жағынан бір-ақ шығаратынын еске салды. Сондықтан ата-аналарды балаларының тәрбиесіне, жүріс-тұрысына мұқият мән беруге, ал жастарды жеңіл табыс табу жолдарынан аулақ болуға, адал еңбек етуге шақырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді