Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда аты аңызға айналған боксшы із-түзсіз жоғалып кетті

Алматыда аты аңызға айналған боксшы із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: Instagram/dastankapaev

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Instagram-парақшасында отандық танымал боксшы, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазовтың жоғалып кеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.


«Қоғам» еріктілер отрядының мәліметінше, 64 жастағы ер адам 14 желтоқсанда Алматыда жоғалып кеткен.

Назар аударыңыз! Нұрқазов Серік, 04.10.1959 – туған күні. 14.12.2023 күні Луганск көшесіндегі өз үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, оның қайда екені қазірге дейін белгісіз. Киімі: сұр түсті қалпақ, көк түсті күрте, ақ түсті жейде, қара түсті джинсы шалбар. Ерекшеліктері: шашы - ақ түсті, сақалы бар.  Жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдар мына нөмірге хабарласса деп өтінеміз: +7 702 712 79 22 немесе @kogam_almaty, - делінген мәліметте.

Ұлттық олимпиада комитетінің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Серік Төкенұлы Нұрқазов Қарағанды облысында дүниеге келген:

бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері;

1983 жылы Римде өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері;

1981 жылы Тамперада өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;

1983 жылы Варнада өткен Еуропа чемпионы;

КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.

Алматы қалалық ПБ өкілдері қазіргі уақытта Медеу ауданының полиция басқармасы осы факт бойынша іздестіру ісін жүргізіп жатқанын хабарлады.

Жоғалған адамның қайда екенін анықтауға және оның отбасына оралуына бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені жүргізіліп жатыр, - делінген қалалық ПД хабарламасында.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты