Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтөбеде із-түзсіз жоғалған 4 жасар баланы іздеу жұмыстары жалғасуда

Ақтөбеде қаласында ауладан жоғалып кеткен 4 жасар бала екінші күн іздестірілуде, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы. 
Айта кетейік, 28 желтоқсанында Ақтөбе қаласы Қазанғап көшесіндегі №59 үйдің ауласынан 2018 жылы туған Ахунов Данил Артурович жоғалып кеткен болатын. Қазіргі таңда баланы іздеу жұмыстарына полицияның кешенді күштерінің жасақтары, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен еріктілер тартылған. Олар қараусыз қалған гараждар, саяжайлар, орман екпелері және жақын маңдағы су айдындары тексеріп шыққан.
Сүңгуірлер кәріз құдықтарын да тексерген. Алайда әзірге іздеу жұмыстары нәтиже бермеген. 4 жасар Данилдың белгілері: бойы шамамен 120 см, дене бітімі арық, шашы қоңыр түсті. Жоғалған күні үстінде капюшоны бар қызғылт сары түсті күрте, ашық-көк түсті тоқылған бас киім, аяғында көк түсті күдері аяқ киім болған. Полиция балақай жайлы қандай да бір ақпаратқа ие адамдардың барлығынан 102 нөміріне немесе 8771-785-1058 нөміріне хабарласуды сұрайды. скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады