Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үздіктер республикалық "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылданды

Үздіктер республикалық
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Бүгін «Көрме» орталығында қалалық білім басқармасының ұйымдастыруымен Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау жиыны өтті. Салтанатты жиынға мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың  мүшелері, білім басқармасының өкілдері, білім беру мекемелерінің басшылары, мектеп парламент мүшелері, «Жас ұлан» ұйымының рәміздік тобы қатысты. 
Мерекелік жиында сөз алған Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева оқушыларға жылы лебізін білдірді.
"Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мақсаты – қала мектептерінің оқу озаттары және түрлі деңгейдегі байқау, жарыстардың жеңімпаздарын республикалық «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылдау, оқушыларды өз Отанын сүюге, елі мен халқының тарихын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу. Бүгінгі жиынға 300-дей оқушы қатысып отыр. Олар – қаламыздағы мектептердің оқу озаттары. Бүгінгі бала – ертеңгі болашағымыз. Сондықтан сапалы да білімді ұрпақ қалыптастыру тек мұғалімнің ғана емес, қоғамның алдындағы үлкен міндет деп білеміз. Шымкент қаласы – елімізде білім сапасы жағынан алдыңғы орынан көрініп келеді. Озаттарымыз көбейе берсін", – деді Н.Шәмшиева.
Мұнан кейін ұйымның мүшелеріне салтанатты түрде галстук байлау және төсбелгі тағу рәсімі өтіп, оқушылар концерттік бағдарламасын ұсынды.
"Бүгін «Жас ұлан» үздіктер қатарына қабылдандым. Бұл – мен үшін үлкен қуаныш. Сабағымды үздік оқып, елімнің патриоты болуға, Отаныма әрқашан қызмет етуге дайынмын. Бізді қолдап, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарыма да алғыс білдіремін",– деді №49 жалпы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Бағдәулет Тағайбек.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді