Іс-шара техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге бағытталған. Жиынға Қазақстан республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аненттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті мен білім саласының өкілдері, клубтың белсенді мүшелері қатысты.
Слеттің мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыру және дамыту. Жиында студенттік клубтардың жұмысы баяндалып, қатысушылар адалдық пен рухани байлықты дарытудағы бағытталған ойларын ортаға салды.
Қазіргі таңда қаламызда 20 мыңнан астам ерікті жас, 38 «sanaly urpaq» клубы бар. Клуб мүшелері білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністері елімізге үлкен қауіп екендігін жақсы түсінеді. Білім беру жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша үшінші мегаполистің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 35 ұсыным енгізіп, бүгінгі таңда оның 30-ы орындалды.
Бұл туралы аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша «Жол картасының» орындалуын талқылаған қалалық Антикор мен білім басқармасы басшылығының кездесуінде айтылған болатын.
Ұсынымның қорытындысы бойынша мониторинг түріндегі білім беру мекемелерін негізсіз тексеру мүмкіндігі алынып тасталды. Ал, gosreestr.kz электрондық алаңды айналып өту үшін үй-жайларды жалға беру практикасы тоқтатылды, сондай-ақ тек бір компания мектеп асханаларын цифрландыру бойынша қызметтер көрсетуі аясында шаралар қолданысқа енгізілді.
Іс-шара барысында клуб белсенділері арнайы алғыс хаттармен марапатталды. «Саналы ұрпақ» клубының жастары жиынды «Атамекен» патриоттық әнімен қорытындылады.