Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкент: Басқарма басшысы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйым басшыларын қабылдады

Шымкент: Басқарма басшысы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйым басшыларын қабылдады
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты 11 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бар. Оңалту орталықтары психоневрологиялық ауытқуы бар, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедек балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық ауруы бар азаматтарға, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын жалғызілікті І-ІІ топтағы мүгедектер мен қарттарға стационар және жартылай стационар негізінде қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ ерекше балаларға үй жағдайында арнаулы қызмет түрлерін көрсету  мемлекеттік мекемелерге балама ретіндегі үкіметтік емес ұйымдары арқылы жүзеге асырылады. Шымкент қаласы бойынша бұл бағытта 8 ұйым бар. Үкіметтік емес ұйымдары әлеуметтік сатып алу шеңберінде жартылай стационарлық жағдайында қызмет көрсетуде.

Бүгін Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін үкіметтік емес ұйым басшыларын қабылдап, қызмет сапасын арттыру және қаржыландыруға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Басқарма басшысы ұйым басшыларынан бірінші кезекте мүгедектігі бар балаларға сапалы қызмет көрсетуді талап ететіндігін баса айтты. Бүгінгі таңға Үкіметтік емес ұйымдарында  500-ге жуық бала қызмет алуда. Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 8000-ға жуық мүгедектігі бар бала есепте тұрады.

Айта кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін іске асыру шеңберінде халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту басталған болатын. Оның басты мақсаты – мүгедектігі бар адамдар үшін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

Жаңғырту бағыттарының бірі өтініш берушіден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің проактивті форматына көшу болып табылады. Халықтың АӘҚ-ға қажеттілігі азаматтардың өтінішін күтпей, Отбасының цифрлық картасының көмегімен автоматты түрде айқындалатын болады. ОЦК базасында қажеттілік карталары қалыптастырылады, мұқтаждар санаттары және оларды проактивті форматта көрсете отырып, қызметтердің қолжетімділігі айқындалады.  

Сондай-ақ Әлеуметтік кодекс шеңберінде ірі интернат-үйлерде қызмет көрсетуден шағын жинақталған әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарында қызмет көрсетуге көшу жүзеге асырылатын болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді